жұма, 14 наурыз, 2025 14:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыда полиция ер адамнан мефедрон тәркіледі

Алматыда полиция ер адамнан мефедрон тәркіледі
Фото: Polisia.kz
Күдікті қамауға алынды.

Алматыда полиция қызметкерлері синтетикалық есірткі сатты деген күдікпен 37 жастағы ер адамды ұстады.

Оның Mitsubishi автокөлігін тінту кезінде ұнтақты зат салынған байлам табылды. Сот-химиялық сараптама, оның жалпы салмағы шамамен 500 грамм болатын мефедрон екенін растады.

Күдікті қамауға алынды. Алматы қаласына шөпті жеткізу арнасын анықтау бойынша жедел шаралар кешені жүргізілуде.

Сондай-ақ ұсталған азаматтың есірткі бетбелгісін қоюмен айналысқандығы белгілі болды.

Есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар