сенбі, 10 қаңтар, 2026 4:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысының полициясы алдын алу шараларына басымдық беруде

Жамбыл облысының полициясы алдын алу шараларына басымдық беруде
Фото - ашық дереккөз
Бұл ретте негізгі назар айыппұл салуға емес, жүргізушілерге ескерту жасауға аударылуда.

Полиция қызметкерлері көлік құралдарының тоқтау және тұраққа қою қағидаларын бұзу деректерін анықтау бағытында белсенді жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жол жағдайына жүргізілген мониторинг барысында қоғамдық орындар, базарлар мен сауда үйлерінің маңында жол қозғалысы қағидаларының талаптарын бұза отырып, өткелдерді жауып, басқа қозғалыс қатысушыларына кедергі келтіретін көлік құралдарының заңсыз тұраққа қойылу фактілері анықталды.

Іс-шара барысында негізгі басымдық түсіндіру жұмыстарына берілді.
Полиция қызметкерлері ең алдымен көлік құралдары иелеріне рұқсат етілмеген жерлерге қойылған автокөліктерді алып тастау туралы ескерту мазмұнындағы SMS-хабарламалар жолдап, сондай-ақ оқиға орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Заңды талаптарды елемеген тек 5 жүргізушіге ғана қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар шамамен 70 автокөлік иесіне профилактикалық брошюралар таратылып, жол қозғалысы қағидаларының талаптары түсіндірілді.

Өткен жылы көлік құралдарының тоқтау немесе тұраққа қою қағидаларын бұзғаны үшін 1040 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция — жазалаушы орган емес. Қабылданып жатқан барлық шаралар тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, олардың қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар