сенбі, 10 қаңтар, 2026 3:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде несие пайызы уақытша төмендетілді

Елімізде несие пайызы уақытша төмендетілді
Pixabay.com
Бұл өзгерістер 1 шілдеге дейін күшінде болады

Елімізде несие және микрокредиттер бойынша артық төлемнің ең жоғары шегі уақытша қайта қаралды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің жаңа лимиттерін бекітті. 

Бұл өзгерістер 1 шілдеге дейін күшінде болады.

Қабылданған шешімге сәйкес, кепілсіз тұтынушылық банктік несиелердің ең жоғарғы мөлшерлемесі 46 пайыз деңгейіне дейін төмендетілді. Бұған дейін ол 56 пайызды құраған. Кепілмен рәсімделетін қарыздар үшін шекті мөлшерлеме 35 пайыз болып белгіленсе, ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша 25 пайыздан аспауы тиіс.

Сондай-ақ микроқаржы ұйымдары ұсынатын микрокредиттерге де шектеу күшейтілді. Енді олардың жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 46 пайыздан жоғары болмауы керек. Ал 45 күнге дейін берілетін және сомасы 45 АЕК-тен аспайтын микрокредиттер үшін тәуліктік сыйақы 0,3 пайыздан, ал жылдық мөлшерлеме 179 пайыздан артық бола алмайды.

Қаржы ұйымдары несие шарттарын рәсімдеу кезінде, мөлшерлемелерді өзгерткенде немесе қосымша төлемдер енгізгенде бекітілген талаптарды қатаң сақтауға міндетті.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар