сенбі, 10 қаңтар, 2026 13:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі шегі өсті: 2026 жылға арналған жаңа талаптар

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі шегі өсті: 2026 жылға арналған жаңа талаптар
Фото: Jambylinfo.kz
Аталған шек базалық зейнетақы төлемін қоса есептегенде, зейнетақы шотында міндетті түрде сақталуы тиіс ең аз сома ретінде айқындалады.

2026 жылы зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі (ТЖШ) орта есеппен 10 пайызға артты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл өсім елдегі инфляцияның қазіргі деңгейі мен алдағы болжамдарына сай келеді. 

Ресми мәліметке сәйкес, ТЖШ көлемінің ұлғаюы азаматтардың зейнет жасына жеткен кезде ең төменгі зейнетақыдан кем емес төлем алуын қамтамасыз етуге бағытталған. Аталған шек базалық зейнетақы төлемін қоса есептегенде, зейнетақы шотында міндетті түрде сақталуы тиіс ең аз сома ретінде айқындалады.

"2026 жылы төменгі жеткілікті шек мөлшері орта есеппен 10 пайызға өсті, бұл жалпы инфляцияның қазіргі және алдағы мәндеріне сәйкес келеді", - делінген хабарламада.

2026 жылға арналған ТЖШ-ті есептеу барысында «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңда бекітілген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер негізге алынған. Атап айтқанда:

ең төменгі жалақы – 85 000 теңге;

ең төменгі зейнетақы мөлшері – 69 049 теңге;

ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.

Осы көрсеткіштерді ескере отырып, 2026 жылы зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі орта есеппен 10 пайызға өсіп отыр.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар