дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 20:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысының прокуратурасы 335 млн теңгеге заңсыз мемлекеттік сатып алудың алдын алды

Жамбыл облысының прокуратурасы 335 млн теңгеге заңсыз мемлекеттік сатып алудың алдын алды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Байзақ ауданының әкімдігі бір көзден заңсыз сатып алу өткізген

Байзақ ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімдерінің қызметінде бірнеше заң бұзу фактісі анықталған, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Мәселен, биыл сәуір айында аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі заңнама талаптарын бұза отырып, мердігермен «бір көзден» 125 млн теңгеге келісімшарт жасаған.

Тағы бір мысал келтірсек, сатып алуды өткізу кезінде кәсіпкерлердің қатысуын шектейтін және қиындататын, сондай-ақ мүгедектігі бар қоғамдық бірлестіктердің құқықтарына нұқсан жасайтын талаптар негізсіз белгіленген. Жамбыл облысының прокуратурасы хабарлағандай, жалпы  335 млн теңгеден астам сомаға сатып алу тоқтатылды, ал кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар