Жоғары сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлын 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасын кесті
- авторИндира Тәліпқызы
- 14 мамыр, 2024
- 511
Жоғарғы сотта екі заңгерді соққыға жыққан Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты қылмыстық іс қайта қарап, оған жазаны күшейтті, деп хабарлады jambylinfo.kz.
Өткен жылдың күзінде Нұрасыл Болат ерлі-зайыпты О.Чернов пен А.Чернованың соққыға жығып, олардың денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі 1), 5) тармақтары бойынша сотталған болатын.
Сот үкімімен 500 АЕК (1 725 000 теңге) көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалған. Сондай-ақ жәбірленушілердің пайдасына әрқайсысы 500 мың теңге моральдық шығын және өкілдің қызметіне өтемақы төлеуге кеткен 1 600 000 теңге өндірілген еді.
Алайда апелляциядан соң сот үкімі өзгеріп, Нұрасыл Болаттан жәбірленушілердің пайдасына апелляциялық сатыдағы сотқа қатысу үшін өкілдің қызметіне 400 000 теңге көлемінде шығын өндірілді.
Кассациялық сот отырысы жәбірленушілердің өтінішхаты бойынша өтті. Олар сот актілерін өзгертіп, айыпталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сот актілерін өзгертті.
Осылайша, Нұрасыл Болатқа 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындалып, жәбірленушінің әрқайсысына берілетін моральдық залалдың өтемақы мөлшері 1 миллион теңгеге дейін өсіп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024