дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 11:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда түрмедегі адамдар ұялы телефоннан құмар ойын ойнаған

Қазақстанда түрмедегі адамдар ұялы телефоннан құмар ойын ойнаған
Сурет ашық дереккөзден алынды
Сонымен қатар олар онлайн сауда жасағаны анықталып отыр

Алматы облысының прокуратурасы түзеу мекемелеріне тексеру жүргізіп, жаға ұстатар жайттарды анықтады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Дәлірек айтсақ, прокуратура анықтағандай, сотталғандар ұялы телефон пайдаланып, онлайн түрде сауда жасаған, несие рәсімдеп және букмекерлік кеңселер мен онлайн-казино арқылы құмар ойындарға қатысқан. Бұндағы ақшаның жалпы айналымы 3 млрд теңгеден асқан.

«№10-шы мекемедегі сотталғандар мобильді құрылғыларды қолдана отырып, рұқсат етілген және тыйым салынған заттарды мекеме ішінде сатқан. Аталған дерек бойынша Алматы облысының прокуратурасымен ҚК-нің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді. Іле аудандық сотының үкімімен осы мекеменің үш қызметкеріне түрлі жазалау шаралары қабылданды», - деп хабарлайды прокуратура.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар