жексенбі, 15 маусым, 2025 9:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысының жас сарбаздары азаматтық қорғаныс сапында қызмет етуге аттанды

Жамбыл облысының жас сарбаздары азаматтық қорғаныс сапында қызмет етуге аттанды
Фото: Jambylinfo.kz
Салтанатты шара Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде өтті. Шара барысында әскери оркестрдің патриоттық әуендері шырқалып, Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы техникасы жұртшылық назарына ұсынылды.

Бүгін Жамбыл облысынан іріктелген 30 жас сарбаз азаматтық қорғаныс құрылымдарын күшейту мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігінің қарауына мерзімді әскери қызметке жіберілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сарбаздарға ақ жол тілегендердің қатарында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің өкілдері, Ардагерлер кеңесі мүшелері мен ата-аналар болды. Олар жас жауынгерлерге Отан алдындағы қызметтің маңыздылығын атап өтіп, қиын сәттерде сабырлы әрі батыл болуға шақырды.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Арман Токанов өз сөзінде жас сарбаздардың маңызды да, батыл шешім қабылдағанын атап өтті:

«Бүгін сіздер Отанға қызмет етудің алғашқы қадамын жасадыңыздар. Ертең мыңдаған адамның өмірі сіздердің шешімдеріңіз бен ерліктеріңізге байланысты болады», – деді ол.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар