Жамбыл облысының жолдарынан 2 мыңнан астам ақау анықталды
- авторjambylinfo.kz
- 28 сәуір, 2021
- 277
Былтыр бұл көрсеткіш 2842 болған. Ақауларды атап айтар болсақ, республикалық маңызы бар автожолдарда 59 кемшілік, облыстық маңызы бар жолдарда 81, аудандық автожолдарда 367 және де елді мекендердің көше-жол желілерінде 1610 кемшілік анықталыпты.
«Жыл басталғалы үш айда жол қозғалысы қауіпсіздігі мақсатында облыс автожолдарына 493 тексеріс жүргізілді. Соның ішінде тексеріспен қамтылғаны 3088 шақырым. Тексеріс қорытындысы бойынша жол ұйымдарының басшыларына орындау үшін 493 жазбаша өкім берілген. Олар бойынша 386 жауап алынып, 85 өкім бойынша мерзімдерінің ұзартылуына және қаражаттың болмауы туралы жауап, 107 өкім бойынша белгіленген орындау мерзімдері бар. Автокөлік жолдарына қызмет көрсетудегі кемшіліктер бойынша аудандық және облыстық атқару органдарына 104 ақпарат жолданды, оның ішінде 52 ақпарат жергілікті органдарға жолданды», деді, Мәмбет Смаилов.
Сонымен қатар автокөлік жолдарына қанағаттанарлықсыз қызмет көрсеткені және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін облыс бойынша 46 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Жамбылда жол инфрақұрылымын жақсарту және аймақ аумағындағы автожолдармен қауіпсіз өту маңызды. Бұл ретте халықаралық маңызы бар «Алматы-Нұр-Сұлтан-Ресей Федерациясының шекарасы» 209 шақырым және республикалық маңызы бар «Меркі-Шу-Бурыбайтал» 266 шақырым автокөлік жолдарын қайта жаңарту жұмыстары жүзеге асырылуда. Сондай-ақ 2019-2020 жылдары іске асырылған «Жол картасы» жол-көлік оқиғалары санының төмендеуіне оң әсерін тигізген. Яғни, өткен жылы жалпы жол-көлік оқиғаларының саны 23 пайызға төмендеп, 1223-тен 942-ні көрсеткен.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз