сенбі, 16 қараша, 2024 17:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл полицейлері қарақшылық шабуылды анықтады

Жамбыл полицейлері қарақшылық шабуылды анықтады
ашық дереккөзі
Жамбыл полицейлері қарақшылық шабуылды анықтады
Жамбыл аудандық полиция бөліміне қарақшылық шабуыл дерегі бойынша Тараздың 27 және 37 жастағы тұрғындары өтініш білдірді. Олардың айтуынша, "Тараз-Қаратау" тас жолында нөмірлері жоқ "Lada Priora" маркалы автокөлікпен үш белгісіз адам пышақ тәрізді затты қолдану арқылы күш көрсетiп 900 мың теңге сомасында ақшаларын ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 21, 22 және 24 жастағы күдіктілерді ұстады. Тінту барысында олардан 794 мың теңге сомасында қолма-қол ақша алынды. Күдіктілердің айтуынша, олар шабуылды алдын ала жоспарлаған. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігімен (Қарақшылық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Бапқа сәйкес мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар