жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда 2025 жылдың алғашқы жартысында талап-арыздар 3,7 мыңға көбейген

Жамбылда 2025 жылдың алғашқы жартысында талап-арыздар 3,7 мыңға көбейген
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Жамбыл облысындағы аудандық және оларға теңестірілген соттарда 768 қылмыстық іс қаралып, 905 адам сот алдына тартылған. Оның ішінде 739 адам сотталып, 10 адам ақталып шыққан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидовтың айтуынша, 6 айда апелляциялық тәртіпте 5 үкімнің күші жойылып, 40 үкім өзгертілген. Тергеу судьялары бұлтартпау шарасына байланысты 288 материал қарап, 204-ін қанағаттандырған. Сонымен қатар, 249 шағым түсіп, оның 85-і қаралған.

Сол кезеңде шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға қатысты 356 өтініш қаралып, оның 173-і мақұлданған. Жазаны жеңілдету туралы өтініштерді қанағаттандыру көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 5,3%-ға артқан.

Азаматтық істер бойынша да қозғалыс жоғары. Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Дәулет Тасыбаевтың айтуынша, биылғы алты айда облыс соттарына қалдықпен бірге 15 828 талап-арыз келіп түскен. Бұл — 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 754-ке көп.

3823 талап-арыз қайтарылып, 244 арыз қабылданбай тасталған. Талаптардың көпшілігі сотқа дейінгі реттеу тәртібінің сақталмауына байланысты қайтарылған. Сондай-ақ, татуластыру арқылы 511 талап-арыз тоқтатылған. Апелляциялық тәртіпте 52 істің шешімі жойылып, 25 іс бойынша іс жүргізу қысқартылған.

Әкімшілік істер саны да артып келеді. Облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы төрағасының м.а. Самат Таусаровтың мәліметінше, биылғы алты айда 104 әкімшілік іс қаралып, 20-сы бойынша ақшалай өндіріп алу туралы ұйғарымдар шығарылған. Барлық ұйғарымдар толық орындалған. Сонымен қатар, соттар 22 жеке ұйғарым қабылдаған.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар