Елімізде
Энергетика секторында киберқауіпсіздікке жауапты консорциум құрылды
- авторБақытжан Бекболат
- 17 шілде, 2025
- 575
Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақстанда энергия өндіруші және таратушы ұйымдардың ақпараттық жүйелерін қорғау мақсатында киберқауіпсіздік консорциумы құрылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл бастама – Энергетика министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірлескен жобасы.
Консорциум құрамында энергетика компаниялары, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК және киберқауіпсіздік саласындағы жетекші ұйымдар бар.
Жаңа құрылымның басты мақсаты – маңызды инфрақұрылым нысандарында цифрлық шабуылдардың алдын алу, жүйелік қорғанысты нығайту және салааралық үйлестіруді қамтамасыз ету.






