жұма, 22 қараша, 2024 17:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда 700-ден астам мопед пен скутер жүргізушілеріне айыппұл салды

Жамбылда 700-ден астам мопед пен скутер жүргізушілеріне айыппұл салды
Сурет: jambylinfo.kz
Бұл туралы Жамбыл облысының Полиция департаменті хабарлап отыр

Жамбыл облысында скутер, мопед жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары көбейген, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Осыған байланысты облыстық Полиция департаменті жолдарда шағын көлік құралдары жүргізушілерінің тәртібіне күшейтілген бақылау енгізіп отыр.

«Полиция қызметкерлері қабылдаған шараларға қарамастан жол қозғалысы ережелерін бұзу, жол апаттары оқиғалары азаймай тұр. Жыл басынан бері 485 мопед жүргізушісі және 251 электрлік скутер жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылды. Айып тұрағына 153 скутер қойылды. Қазіргі таңда күнделікті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», - деп жазылған хабарламада. 

Сондай-ақ, хабарламада мопедтер мен электрлік скутерлердің жол-көлік апатын азайту мақсатында облыс орталығының көшелері мен қала сыртындағы трассаларды патрульдеу жұмыстары күшейтілгені жазылған.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар