Жылқыдан қарағанда доңыздың бағасы қымбат – Аманжол Әлтай
- авторjambylinfo.kz
- 24 маусым, 2024
- 385
«Жылқыдан асқан мал бар ма, қымыздан асқан дәм бар ма» деген Аманжол Әлтай қазір елімізде доңыздың бағасы жылқыдан қымбат екенін айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«Өкінішке қарай, төрт түліктің төресі жылқының бағасы доңыздан төмен қылдық. Жылқының сүті бағасыз болып бара жатыр. Егер бағасын білсек, жылқы сүтін өндіру арқылы тереңдете өңдеп, қазақ халқының брендіне айналдыруға болар еді. "Молодежныйдағы" шағын зауытты айтпасақ, жылқы сүтін өңдейтін бірде-бір зауыт жоқ. Жаңа зауыт салуға болмай ма?» деп сұрады депутат Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтан.
Өз кезегінде аулы шаруашылығы министрі елімізде «Саумал» зауыты барын айтты.
«Саумалды сату қиын. Еуропада сұраныс аз. Сұраныс болса зауыт салуға болады. Сұраныс болса біраз азаматтар бие сауып, зауыт ашуға дайын. Қазақстанда жылқы саны 3,4 млн-ға жетті», - дейді министр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз