сейсенбі, 2 шілде, 2024 12:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Правасын қайтарып алады»: 20 күн түрмеде отырып шыққан Төреғали Төрәлі қару асынып, полицияға ән арнады (ВИДЕО)

«Правасын қайтарып алады»: 20 күн түрмеде отырып шыққан Төреғали Төрәлі қару асынып, полицияға ән арнады (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Әнші жаңа туындысын Қазақстан полициясы күніне арнаған

Ең көп тәртіп бұзып, полиция қолына түсетін Төреғали Төрәлі Қазақстандағы тәртіп сақшыларға ән арнап, клип түсірді, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Естеріңізге сала кетейік, тура бір жыл бұрын, 2024 жылдың маусымында Алматыда арнайы жасақтың қолына түскен Төреғали Төрәлі 20 тәулік қамауда отырып, 7 жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылған болатын. Ал, биыл, 2024 жылдың 23 маусымында әнші қазақ полициясына арнаған әнін таныстырып жатыр.

«Құрметті ішкі істер органдарының ардагерлері, тәртіп сақшылары, ішкі істер органдарының қызметкерлері. Сіздерді «23 маусым – Қазақстан полициясы күні» мерекесімен құттықтаймын! Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атаққа абыройлы қызмет ете беріңіздер! Жаңа туындым «Қазақ полициясы» атты ән үшін ақын және композитор бауырларыма рақмет», -  деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасына.

Ал, оның оқырмандары болса осындай «тамаша клиптен» кейін Төреғали Төреәлі жүргізуші куәлігін қайтарып алатын шығар деген әзіл-шыны аралас пікір қалдырып жатыр.

 

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар