Жамбылда қалдықтарды анықтау ғарыштық жүйеде жүргізіледі
- авторjambylinfo.kz
- 2 ақпан, 2021
- 370
Соңғы жылдары облыстағы Экология департаментіні бей-берекет орналасқан қалдықтарды анықтауды ғарыштық бақылаумен жүзеге асырып келеді. Ал алған нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға оларды жою жөнінде нұсқамалар беріп отырады. Бұл туралы ӨКҚ ақпарат алаңында Жамбыл облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Марат Құрманбаев айтты. Спикердің сөзінше, департамент зертханасымен былтыр ластаушы көздерден 722 сынама алынып, 2455 химиялық талдаулар жасалған. Оның ішінде ауа атмосферасынан 648, су ресурстарының ластануын бақылау бағытында 68, жердің ластануы бойынша 6 сынама алынып, талдаулар жасалған. Былтыр табиғат пайдаланушылармен қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына 808,7 млн. теңге жоспарланып, 559,5 млн. теңгесі игерілген. Бұл 69% көрсеткіш. Өңірде өткен жылы ауа атмосферасына қалдық шығаруға 125 мың тонна лимит берілді. Қуантатыны қалдықтардың тек 74 мың тоннасы ғана ауаға көтерілген. Ал былтыр жерге төгінділер төгу лимиті 24 мын тонна болғанымен төгілгені 16 мың тонна ғана. Сондай-ақ былтыр қалдықтарды орналастыру яғни жер астына көму лимиті 45 млн. тонна болса, жалпы көмілгені 13 млн. тоннаны құраған. Бұл көрсеткіштердің қоршаған ортаны ластауға берілетін рұқсаттардағы көлемнен төмен екені қуантады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз