Жамбылда ауыр халде түскен қыз балаға шұғыл көмек көрсетілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 29 тамыз, 2025
- 440
Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына шұғыл түрде 5 жастағы қыз бала жеткізілді. Бала ішінің қатты ауырып, үздіксіз құсқан.
Орталықтың дәрігерлері жедел түрде зертханалық тексеру жүргізіп, жедел соқырішек (аппендицит) диагнозын қойды.
Балалар хирургі Хожимурод Омаров шұғыл ота жасады.
5 жасар Ким Алина есімді қыз балаға жасалған операция сәтті өтті. Қазір оның жағдайы да, көңіл-күйі де жақсы. Егер бәрі ойдағыдай болса, 2–3 күннен кейін анасымен бірге үйіне шығарылады, — деді дәрігер.
Бала анасы Диана Алиева қызының қазіргі жағдайы жақсы екенін айтып, дәрігерлерге алғысын білдірді.
Айта кетейік, Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалар — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі жеңілдік санаттарының бірі ретінде мемлекет есебінен сақтандырылған.
Ұқсас жаңалықтар
«Тәуелсіздік шежіресі» атты танымдық мәдени кеш ұйымдастырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Жамбылда ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025






