Жамбылда ҚАЖ қызметкерлеріне арналған азаптаудың алдын алу бойынша тренинг өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 28 сәуір, 2025
- 217

Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қолдауымен және «Қадір-қасиет» қоғамдық қорының қатысуымен «Азаптаудың алдын алу, қатал әрі адамгершілікке жатпайтын қарым-қатынас пен жазалауға тыйым салу және кінәсіздік презумпциясы» тақырыбында ауқымды тренинг-семинар өткізілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шараны Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ұйымдастырды. Тренингке Департамент бастығы, әділет подполковнигі Жаныбек Жамалбекұлы Қосжанов, оның орынбасары Қайырбек Ильясов, Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі, философия ғылымдарының кандидаты Парида Мамедова, сондай-ақ «Қадір-қасиет» қоғамдық қорының директоры Анар Ибраева қатысты.
Семинар барысында қатысушыларға ҚАЖ мекемелерінде Нельсон Мандела ережелерінің қолданылуы, азаптаудың алдын алу және оған қарсы әрекет ету бағытында атқарылып жатқан шаралар жөнінде жан-жақты мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар, қатысушылар құқықтық стандарттар мен халықаралық талаптарға сай жұмыс жүргізу жолдары туралы маңызды ақпарат алды.
Тренинг нәтижесінде ҚАЖ қызметкерлері өз қызметінде қажет болатын теориялық және практикалық білімдерін толықтырып, адам құқықтарын қорғауға бағытталған өздерінің кәсіби дағдыларын арттырды.
Бұл семинар ҚАЖ мекемелеріндегі құқықбұзушылықтардың алдын алып, халықаралық нормалар мен стандарттарды енгізуге бағытталған маңызды қадам