Жамбылда діни экстремизмнің алдын алу бойынша іс-шара өтті
- авторjambylinfo.kz
- 23 қыркүйек, 2024
- 492
Қазақстан Руспубликасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері облысқа іссапармен келді, деп жазады Jambylinfo.kz
Аталған іс-сапардың мақсаты жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, ел жастарын радикалды және деструктивті діни топтарға айналдыруға жол бермеу.
Облыста жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, оған 500-ден астам жас қамтылды.
Аталған іс-шараға «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті оқытушысы, PhD докторы Бауыржан Ботақараев, облыстық «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» бөлім басшысы, теолог Әбілхайыр Сабырұлы, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті «Әлем тарихы және дінтану» кафедрасының аға оқытушысы - Мәди Бесбаев, Түркістан облысының дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Медет Халықов, облыстық «Дін істері басқармасының» бас маманы, теолог Самғат Мутанов және дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Семинар барысында теолог Самғат Мутанов «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында лекция оқыды.
– Терроризмнің екі түрі болады. Олар, адамның санасына жасалынатын терроризм және адамға физикалық тұрғыдан жасалынатын терроризм. Әсіресе санаға жасалатын терроризм өте қауіпті болып есептеледі. Діни экстремизмге (лат.exnremus –шеткі) шектен тыс көзқарастар мен әрекетерді ұстану, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару ретінде анықталады. Экстремизм – бұл қайсы бір проблемаларды шешуге бағытталған ең шеткі діни дүниетанымды жақтаушылық және радикалды іс-әрекеттер. Экстремизм әруақытта әр қалай көрініс беретін өте күрделі құбылыс.
«Діни келіспеушілікті тұтандыруға бағытталған, азаматтардың қауіпсіздігіне, өміріне, денсаулығына, құқығына, қауіп төндіретін іс-әрекеттерімен көрінетін радикалды сенімдерді тарату» деп анықтама берген.
Діни терроризм - [ лат. terror-қорқыныш,үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; Діни терроризм – діннің атын жамылып ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда діни террористер, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады
Жалпы әлемдік діндердің өзі (Буддизм, Христиан, Ислам) адамдарды мейірім мен кешірімділікке, сабыр мен төзімділкке шақыратын рухани құндылықтарға негізделген. Десекте қазіргі таңда ізгілікке, тазалыққа, адам сүйгіштікке шақыратын асыл діндердің бірі Ислам дінінің атын жамылған деструктивті топтар пайда болуда. Исламның атын жамылған сондай адасқан топтардың бірі сәләфилік. Жалпы сәләф сөзінің этималогиясына тоқталатын болсақ «алдыңғы өткендер», «бұрынғылар» деген мағынаны береді. Яғни Мұхаммед пайғамбардың көзін көрген мұсылмандарды сахабалар, сахабаларды көрген мұсылмандарды табиғиндер және табиғиндерді көрген мұсылмандарды тәбәға-тәбиғиндер деп атайды. Ал осы үш буын яғни сахабалар, табиғиндер, тәбәға-тәбиғиндерді «сәләфилер» деп атаған. Осы аталған ұрпаққа VII, VIII, IX, ғасырларда өмір сүрген Имам Әбу Ханифа, Имам Тахауи, Имам Шафиғи, Имам Мәлики т.б. ғалымдарды жатқызса болады. Жоғарыда аталған үш буын нағыз мұсылмандар болғанына тарих куә.
Дәстүрлі діни танымды түсіну үшін томдап діни әдебиеттерді оқудың қажеті шамалы. Ата-бабаларымыз дінді үш ауыз сөзбен жеткізген ұят болады, обал болады, сауап болады деп. Бұл сөздердің мағыналары терең және өнегелік, тәрбилелік, көркем мінезділік құндылықтарға толы десек қателеспейміз. Абай атамыз өзінің өлең шумақтарында:
Махаббат пен жаратқан адам затты
Сенде сүй ол Алланы жаннан тәтті
Адам заттың бәрін сүй бауырып деп
Және хақ жолы осы деп әділетті
Осы үш сүю болады имани гүл – деп Алланы, адамды, әділеттілікті сүюге шақырған. Абай атамыз адам затты сүю деп нәсіліне, дініне, ұлтына қарамастан адамдарды жақсы көруді үндегеніне аса назар аударған жөн,-деді Самғат Мутанов
Түсіндіру тобының мүшелері Тараз қаласы, сондай-ақ Жамбыл, Меркі, Жуалы және Шу аудандарында болды. Олар жастар арасында «Діни білім берудің заманауи тетіктері», «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп», «Дін мен дәстүр сабақтастығы», «Ұлтқа құрмет-тәрбиеден» және т. б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында жоғары оқу орны студенттері, мектеп оқушылары, медресе-колледж студенттері және т.б. топтар қамтылды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024