дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 10:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Он ай бұрын туған еліңде көкпар беріп, елдің батасын алып едің»: Серікзат Дүйсенғазин Мейрамбек Бесбаевқа арнап жазба жариялады

«Он ай бұрын туған еліңде көкпар беріп, елдің батасын алып едің»: Серікзат Дүйсенғазин Мейрамбек Бесбаевқа арнап жазба жариялады
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Бүгін әншінің жары үшінші перзентін дүниеге әкелген болатын

Желіде ұлт мәдениетінің белді тұлғалары қазақ эстрадасының корольі Мейрамбек Бесбаевты сәбилі болуымен құттықтап жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ақын Серікзат Дүйсенғазин  Мейрамбек Бесбаев  осыдан 10 ай бұрын туған жері Таразда көкпар беріп, қалың елдің батасын алғанын жазған. 

«Мәкебай досым, осыдан он ай бұрын туған еліңде көкпар беріп, қалың елдің батасын алып едің. Халықтың тілегі қабыл болып кішкентай сәби дүниеге келген екен. Жаратушы Алла ұлық қой. Балапанның бауы берік болсын! Ғұмыр жасы ұзақ болсын! Мархабат екеуіңе шөбереден шөпшек сүю нәсіп болсын!», - деп жазыпты ол. 

Серікзат Дүйсенғазинның жазбасына көп оқырман дүниеге келген сәбидің ұл я қыз екенін сұраған. 

Бұл сұраққа ақын Қалқаман Сарин жауап беріп, Бесбаевтар шаңырағында тағы бір кестетігер келгенін айтқан. 

Еске салайық, Мейрамбек Бесбаев пен жары Мархабат Бесбаева 2 қыз, 1 ұлдың ата-анасы.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар