дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда достарымен қыдырып, 25 күн бойы жұмысына келмеген әскери жазаланды

Жамбылда достарымен қыдырып, 25 күн бойы жұмысына келмеген әскери жазаланды
Ашық дереккөзден
Ол бұл ісі үшін сот алдында өкініш білдірген

Жамбылда достарымен Ресейге қыдырып барып, 25 күн бойы жұмысына келмеген әскери жазаланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Облыстық соттың дерегінше, әскери қызметші еңбек демалысынан кейін жұмысқа шықпаған, ешкімге ескертпей, 25 күн бойы қызметіне келмеген. Сотта ол өзінің кінәсін мойындап, шынайы өкініш білдірді. Еңбек демалысынан кейін достарымен бірге РФ-қа қыдырып барғанын, сондықтан уақытылы келе алмағындығын жеткізген. Бұл үшін заңда әкімшілік қамаққа алу көзделген екен.

 

-    Құқық бұзушының кінәсін мойындауы мен өкініш білдіруі жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Сот әскери қызметшіні ӘҚБтК-нің 652-б. 4-б. бойынша кінәлі деп танып, оған 184 мың теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындады. Қаулы заңды күшіне енді,- делінген ресми хабарламада.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар