Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда мектеп табалдырығын жаңа аттаған 22 мың балақайға «Әліппе» табысталады
- авторjambylinfo.kz
- 1 қыркүйек, 2021
- 184
Жамбылда мектеп табалдырығын жаңа аттаған 22 мың балақайға «Әліппе» табысталады
Жамбыл облысында мектеп табалдырығын жаңа аттаған 23 мыңға жуық бірінші сынып оқушысына алғашқы оқулық – «Әліппе» табысталады.
Жамбыл облысында жаңа оқу жылында 22 721 бірінші сынып оқушысы алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Айта кетейік, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында ұлттық тәрбиеге баса назар аударуды міндеттеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сапалы және кәсіби оқулық әзірлеуді қатаң тапсырған болатын. Соған сәйкес, биылғы жылғы 1-қыркүйекте өңіріміздің бірінші сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырауға арналған салтанатты шара оларға «Әліппе» алғашқы оқулығын табыстаумен санитарлық нормаларды сақтай отырып, таза ауада, мектеп ауласында ұйымдастырылады. А.Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде қайта әзірленген «Әліппе»/«Букварь» оқулықтарымен 22 721 оқушы толықтай қамтылады. Ал 2-11 сынып оқушыларына 1 қыркүйекте білім күніне арналған ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаты өткізіледі. Сынып сағаты әр сынып үшін жеке кабинеттерде санитарлық талаптарды сақтай отырып өтеді. Оқу бағдарламасына қайта енігізілген «Әліппе» – бүлдіршіндердің ғана емес, барша ата-ананың қуанышы екені сөзсіз.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала