сенбі, 9 қараша, 2024 1:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жарылыстан қирап қалған Қайнар мектебінің орнына 150 орындық білім ошағы салынады

Жарылыстан қирап қалған Қайнар мектебінің орнына 150 орындық білім ошағы салынады
ашық дереккөзі
Жарылыстан қирап қалған Қайнар мектебінің орнына 150 орындық білім ошағы салынады
Байзақ ауданындағы жарылыстан зардап шеккен әрі тозығы жеткен Қайнар ауылындағы ескі мектептің орнына 150 орындық жаңа мектеп салынады. Байзақ ауданының тұрғындарына көмек ретінде жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, сондай-ақ көмек көрсетуге демеушілер де тартылады. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаев мәлімдеді. Бүгін өңір басшысы Б.Сапарбаев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевпен бірге қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысып, ауыл тұрғындарымен кездесу мақсатында Қайнар ауылында болды. «Сарапшы мамандар әр үйді тексеріп, қорытынды жасады. Үйлеріңіз толықтай қалпына келтіріліп, екі ай ішінде қоныстанасыздар. Біз сіздермен біргеміз. Ешкімді көмексіз қалдырмаймыз», - деді Бердібек Сапарбаев. Төтенше жағдай кезінде бүлінген нысандарды тексеру және қалпына келтіру үшін 7 жұмыс тобы құрылды. Олардың құрамына құрылыс басқармасының, ҚазҚСҒЗИ, жобалау ұйымдарының қызметкерлері және ТЖ қызметкерлері тартылған. «Мемлекет екі ай ішінде 124 нысанды, оның ішінде 106 тұрғын үйді қалпына келтіруге міндеттеме алды. Олардың 35-і күрделі жөндеуді қажет етеді, қазіргі таңда 29 тұрғын үйде жөндеу жұмыстары басталды. Қалған 71 үйге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде және бұл жұмыстар 60 пайызға орындалды. Сондай-ақ, 4 әлеуметтік нысан қираған, оның үшеуіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал, апатты жағдайда тұрған Жібек жолы ауылындағы №5 орта мектептің ескі мектеп орнына жаңа 150 орындық мектеп салу туралы шешім қабылданды», - деді  облыс әкімінің кеңесшісі Жандос Байырханов. «Біздің үйді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанына үш күн болды. Жұмысшылар күн сайын таңғы 9-да келіп, кеш батқанда қайтады. Жөндеу жұмыстары басталмай тұрып, құрылыс жасағының бақылаушысы үйдің толық қалпына келтірілетініне сендіріп, қандай жұмыстар жүргізілетінін түсіндірді», - деді Қайнар ауылының тұрғыны Өсембай Еркембай.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар