Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыздағы №32 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
1) Қоғамдық автокөліктің, оның ішінде қала маңындағы және ауданаралық жолаушылар тасымалдарының жұмыс күндері жүруіне рұқсат етіледі.
2) Белгіленген талаптарды сақтай отырып, мәдениет объектілерінің (30 адамнан аспайтын жеке, топтық дайындықтар), кітапханалардың, мұражайлардың қызметіне рұқсат беріледі. Сондай-ақ, белгіленген талаптарды сақтай отырып және ұжымдық іс-шараларды өткізбей діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) қызметіне рұқсат беріледі. Бұған қоса, бір адамға 5 ш.м. су айнасы есебінен жеке форматта алдын ала жазылу бойынша бассейндер қызметіне рұқсат беріледі.
3) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері шектеу шараларын қатаңдатылады. Яғни қоғамдық көлік жұмысын тоқтатып, 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу қойылып, үй-жайларда, көлікте, адамдар көп жиналатын жерлерде маска кию режимін сақтау керек.
Сонымен қатар, азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлері, сауда желілері, сауда-ойын-сауық орталықтарының, азық-түлік емес және азық-түлік сататын жабық базарлар, сұлулық салондары, шаштараздар, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін объектілері және фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтары, бассейндер, жаттығу залдары, спорт кешендері, моншалар мен сауналардың қызметі тоқтатылсын. Бұған қоса ашық ауада өткізілетін аттракциондар, діни нысандар, балалар мен ересектерге арналған білім беру, түзету кабинеттері мен орталықтары қызметі тоқтатылады.
Ал, контингенті 5-тен 180 оқушыға дейінгі, сондай-ақ шалғай жатқан елді мекендердегі интернеті жоқ, сыныпта балалар саны 15 адамнан аспайтын, штаттық режимде, тамақтандыруды ұйымдастырусыз, эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, мектептердің жұмыс істеуіне рұқсат беріледі. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 180 оқушыдан асатын контингенті бар мектептерде мектепалды және 1-4 сыныптарының оқуына ата-аналардың арызы бойынша 15 баладан аспайтын сыныптарды жинақтауды сақтай отырып, тек қана кезекші сыныптарға рұқсат беріледі.
Сондай-ақ, 5 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығуларға арналған спорт кешендерінің қызметіне рұқсат беріледі. Маска кию режимін және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарға, қорықтарға, резерваттарға және басқаларға) баруға рұқсат беріледі.
Бұған қоса, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 50 қаулысына сәйкес алгоритмді сақтай отырып, кеңестерді (отырыстарды) күндізгі режимде (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда) өткізуге рұқсат етіледі.
Тараз қаласы мен Жамбыл облысы аудандарының әкімдеріне, Жамбыл облысы полиция департаментіне, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аумақтық басқармаларының басшыларына (мониторингтік топтарға) қызметі рұқсат етілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық — дезинфекциялық режимнің сақталуына бақылау қамтамасыз етілсін. Бұзушылықтар анықталған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылсын.
Н. Муликаов, облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасарыjambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Облыс әкімі жаңа мектепте онлайн-сабақ өткізді
Ұқсас жаңалықтар
Қордай ауданы мешіт салу бойынша көш бастап тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024