сейсенбі, 18 наурыз, 2025 15:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда табиғат қорғау прокурорлары ірі балық шаруашылығы субъектілерінің құқықтарын қорғады

Жамбылда табиғат қорғау прокурорлары ірі балық шаруашылығы субъектілерінің құқықтарын қорғады
Жамбыл облысының прокуратурасы
Кәсіпкерлердің өтініштерін қарамау компаниялардың қалыпты жұмыс істеуіне елеулі кедергілер туғызды

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жүргізген талдау барысында кәсіпкерлердің құқықтарының балық шаруашылығы комитеті мен Балқаш-Алакөл аралық бассейн инспекциясының қызметі бұзылғаны анықталды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұған дейін қабылданған міндеттемелерді орындауына қарамастан, «Рыбпром» ЖШС және «Мыңарал компания» ЖШС-нің Балқаш көлінің үш балық шаруашылық учаскесін қайта бекіту жөніндегі өтінімдері 2024 жылдың наурыз және мамыр айларында уақытында қаралмағаны белгілі болды.

- Кәсіпкерлердің өтініштерін қарамау компаниялардың қалыпты жұмыс істеуіне елеулі кедергілер туғызды. Аталған учаскелер бойынша республикалық балық шаруашылықтары ассоциациясымен 360 тоннадан астам балық квотасы бөлінген, бұл облыс бойынша шамамен 25%-ды құрайды. Ведомстволық Қағидаларға сәйкес өтінімдер он жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс, алайда тек прокуратура актісі бойынша Комитеттің 2025 жылғы 20 ақпандағы бұйрығымен жоғарыда аталған субъектілерге Балқаш көлінің үш учаскесін қайта бекіту туралы шешім қабылданды,- делінген хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар