сейсенбі, 18 наурыз, 2025 15:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда салық реформасы: Кейбір медициналық мекемелерді ҚҚС-тен босату ұсынылуда

Қазақстанда салық реформасы: Кейбір медициналық мекемелерді ҚҚС-тен босату ұсынылуда
pixabay.com
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді

Қазақстанда кейбір медициналық қызмет түрлерін қосылған құн салығынан (ҚҚС) босату мәселесі қарастырылып жатыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Оның айтуынша, дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтерге салынатын салықты саралау мәселесі бірнеше рет көтерілген.

"Әлеуметтік маңызы бар ауруларға арналған дәрі-дәрмектерге ҚҚС енгізбеуді ұсынамыз. Бұл – онкологиялық, сирек кездесетін аурулармен ауыратын науқастарға, паллиативтік көмекке мұқтаж жандарға, қант диабеті және кейбір аутоиммундық дерттерге арналған препараттар. Қазір нақты тізім талқыланып жатыр және кеңейтілуі мүмкін. Бұл шара ең алдымен дәрі-дәрмекке аса мұқтаж әлеуметтік осал топтардың шығындарын азайтуға көмектеседі", – деді Аймағамбетов.

Сонымен қатар, ол қазіргі таңда медициналық қызметтер ҚҚС-тан босатылғанын еске салды. Депутаттар үкімет ұсынған 10%-дық мөлшерлемені 5%-ға дейін төмендетуді ұсынған.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар