Наурызнама-2025: «Шаңырақ» күнінде 56 жұп некесін қиды
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 наурыз, 2025
- 724
Кеше Наурызнаманың үшінші күні шаңырақ күнінде 56 жұп некесін қиды. Атаулы датаға орай салтанатты түрде неке қию рәсімі ұйымдастарылды. Оған ықылас білдірген 4 жұп қатысты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstan.tv сілтеме жасап.
Ал 25, 50 жыл отасқан ерлі-зайыптылар жастарды құттықтап, кеңес берді. Биыл 1 қаңтардан бастап елордада 17 мыңнан астам неке тіркелген.
"Біздің отбасымыздың ең алғашқы мерекесі Наурыз мерекесімен, қазақтың жаңа жылымен, дәстүрлі киіммен әдемі өтуіне мүмкіндік берілгеніне шын жүректен қуаныштымыз. Басқа адамдарға қарағанда біз салтанатты өткеніне қатты қуаныштымыз."
Айнела Қожахметова, қала тұрғыны
Отбасы құрғанымызға 25 жыл. Жастар отбасын құрып отыр. Соларға тілейтінім бар – жақсылық, шыдам, түсінік болу керек бір-біріне. Сонымен мықты отбасы болғанын, көпбалалы бақытты болғанын тілеймін,- дейді Абай Жылқышиев, қала тұрғыны.
Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






