жексенбі, 6 қазан, 2024 3:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда «World Skills Jambyl-2020» чемпионаты өтуде

Жамбылда «World Skills Jambyl-2020» чемпионаты өтуде
ашық дереккөзі
Жамбылда «World Skills Jambyl-2020» чемпионаты өтуде
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Техникалық кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен өңірлік «WorldSkills Jambyl-2020» чемпионаты өтуде.
«WorldSkills Jambyl-2020» чемпионаты – студенттер мен жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға негізделген жоба.
Облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері, білікті жас мамандар, студенттер мен сарапшылар қатысып жатқан жарыс аспаздық ісі, пісіру технологиялары, электромонтаж, плитамен қаптау, веб-дизайн, ұсталық ісі, наубайшы шеберлігі, сандық бағдарламамен басқарылатын станоктарда токарлық жұмыс, дизельді қозғалтқыштарды жөндеу және қызмет көрсету, автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету, киім үлгілеу мамандықтары бойынша өткізілуде.
Аймақтағы 5 арнайы колледжде өтіп жатқан өңірлік чемпионатта 92 сарапшы 70 қатысушының жұмысын бағалауда.
Чемпионат қорытындысы бойынша бірінші, екінші және үшінші орын иегерлері медальдармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификат тапсырылады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар