дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдағы мектептерде түгелдей ішкі дәретхана болса да неге балалар сыртқа шығады

Жамбылдағы мектептерде түгелдей ішкі дәретхана болса да неге балалар сыртқа шығады
Коллаж: jambylinfo.kz
Осы үшін оқу орындарында оқыс оқиға орын алып жатыр

Күні кеше Байзақ ауданындағы Ы. Алтынсарин атындағы оқу ордасында оқушы көз жұмды. Марқұмның анасы баласының даладағы дәретхана жанында қайтыс болғанын айтқан. Әр осындай жағдай сайын мектеп сыртындағы әжетханаларға қатысты мәселе тағы да күн тәртібіне оралады. Осы орайда «мектепте ішкі әжетхана бола тұра, оқушылар неге сыртқа шығып жүр?» деген заңды сұрақ туындайды. jambylinfo.kz тілшісі осы сауалдың жауабын іздеп көрді.

2019 жылы Жамбылдағы жаға ұстатарлық жай әлі ел есінде. Мектептегі дәретхананы жөндеу, ғимарат сыртында орналасқанын ішке көшіруге Таразда 12 жастағы оқушы қызды 38 жастағы күдіктінің зорлауы себеп болған еді. Атышулы оқиға министрлікте де қаралған болатын. Тіпті Асхат Аймағанбетовтың тұсында сыртқы дәретхана жойылатыны да айтылған.

«Мектептердің сыртында орналасқан дәретханалардың бәрін жою міндеті тұр. Қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді. Бейнебақылау камералары бойынша да – жалпы қауіп-сіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Үкімет тапсырма берді. Бұл жұмысты аяқтаймыз», – деген еді сол кезде Білім министрі болған Асхат Аймағанбетов.

Ал, 2020 жылы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев (1953-2023 жж) болып тұрған кезде, аймақтағы Жамбыл облысында дәретханасы далада орналасқан мектеп қалмайтынын айтқан. Ол кезде  аймақта 285 мектептің дәретханалары аулада орналасқан  болатын. Бердібек Сапарбаев бұл мақсатқа 1,1 млрд.теңге қарастырылғанын айтқан.

Осы атқарылған шараларға қарамастан, күні кеше ішкі әжетханасы бар Байзақ ауданындағы мектепте оқушы далада тұрған әжетхананың маңында қаза тапты. Дәрет қысып, тысқа шыққан өренді өзінен үлкен оқушы сұрапыл соққымен сұлатқан. Кейбір деректерге сүйенсек, өлімге себеп әлімжеттік болуы да бек мүмкін. Білім басқармасы өкілінің айтуынша, қазір осы оқиғаға қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Дәретхана тақырыбына оралсақ. Анықтағанымыздай, Жамбыл облысындағы кейбір мектептер қос әжетхананы қатар қолданып жүр. Білім басқармасының өкілінің сөзінше, ауылдық жердегі мектептерде сыртқы әжетханалар әлі қолданыста.

«Өйткені, кейбір ауылдарда су уақытымен беріледі. Септик толуы мүмкін. Соған байланысты сыртқы әжетханалар әлі қолданылып жатыр. Бірақ, ішкі әжетхана істемей қалған уақытта мектеп әкімшілігі тарапынан кезекшілік жасалып, оқушылар бақылауда болады,- дейді білім басқармасының өкілі Ару Датаева.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар