бейсенбі, 19 қыркүйек, 2024 13:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдағы жан түршігерлік жол апатынан 7 адам қаза тапты

Жамбылдағы жан түршігерлік жол апатынан 7 адам қаза тапты
Видеодан скриншот
Оқиға "Батыс Еуропа-Батыс Қытай"  автожолының 526- шақырымында болған

Жамбылдағы жан түршігерлік жол апатынан 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz   

Полиция департаментінің дерегінше, "Cadillac Escalade" маркалы көлігінің жүргізушісі алдыңғы көлікті басып озып, қарсы бағытқа шығуы салдарынан сол бағытта келе жатқан "DAF"маркалы жүк көлігімен соқтығысуға жол берген.

Нәтижесінде "Cadillac Escalade" көлігі өз жолағына түсіп, "Газель"маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Соқтығысқаннан кейін екі көлік те бірден өртеніп кеткен.

  • Оқиға орнында 37 жастағы "Газель" автокөлігінің жүргізушісі, 30 жастағы "Cadillac Escalade" көлігінің жүргізушісі және оның 5 жолаушысы қаза тапты. Оның ішінде 2 жасар бала бар. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жамбыл облысы Полиция департаменті жол ережелерін қатаң сақтауды ескертеді,- делінген ресми хабарламада.
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар