Қазақстанда ішімдікті ең көп ішетін аймақ анықталды
- авторjambylinfo.kz
- 17 қыркүйек, 2024
- 432
Елімізде арақты өң көп ішетін өңірлердің тізімі шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Energyprom.kz дерегінше, соңғы уақытта қазақстандықтар алкогольдік сусындарға көбірек ақша жұмсайтын болған. Елімізде алкоголь бағасы бір жыл ішінде орта есеппен 9,3% - ға өсуі осыдан болуы мүмкін.
Айталық, 2024 жылдың екінші тоқсанында еліміздің әрбір үй шаруашылығы алкогольдік сусындарға орта есеппен 5,5 мың теңге жұмсаған. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1 % - ға көп.
Қазақстанның ең көп алкоголь тұтынатын өңірлеріінің көшін ШҚО мен Павлодар облысы бастап тұр. Мұнда шамамен әрбір үй спиртке 9,5 мың теңгеден аса қаржы жұмсайды. Сондай-ақ еліміздің өңтүстік астанасы 8,9 мың теңгені құрап, алкогольге шашылатын шығындар бір жылда 20,5% - ға өскен.
Сонымен қатар, Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстарының тұрғындары ішімдікке ең аз ақша жұмсайтыны белгілі болды.
Бір жыл ішінде алкоголь бағасы да өскен. Жалпы, ел бойынша сыра 14,4% — ға, шарап 9,9% — ға, арақ 3,6% - ға қымбаттаған. Ақмола және Қызылорда облыстарында бағалар айтарлықтай өскен.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз