жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда жас мемлекеттік қызметшілер арасында Абай оқулары өтті

Жамбылда жас мемлекеттік қызметшілер арасында Абай оқулары өтті
Jambylinfo.kz
Байқауға облыстың 15 өңірінен 23–35 жас аралығындағы мемлекеттік қызметшілер қатысты

Жамбыл облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Көк тұман – алдындағы келер замаң» атты Абай оқулары байқауы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Шараны облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, филармония, кітапхана және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаменті ұйымдастырды.

Байқауға облыстың 15 өңірінен 23–35 жас аралығындағы мемлекеттік қызметшілер қатысты. Қатысушылар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін, «Абай жолы» романынан үзінділер оқып, ақын әндерін орындады.

Нәтижесінде бас жүлде Шу ауданы Ескі-Шу ауылдық округінің бас маманы Махаббат Төлеутаевқа бұйырды. Бірінші орын – Мұхтар Мамышев (облыстық мәслихат аппараты), екінші орын – Ермұрат Баймырза (Талас ауданы), үшінші орын – Санжар Тұрғынов (Мамандандырылған экономикалық сот).

Байқау аясында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншілері «Абайдан әуен, ғибрат» концерттік бағдарламасын ұсынып, іс-шараға ерекше әсер мен ұлттық рух сыйлады.       

Ал қатысушылардың өнерін байқауға арнайы шақырылған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5513, Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ақжар ауылындағы 40336, 28903байланыс әскери бөлімдерінің сарбаздары тамашалады.

Шара барысында филармония әншілері «Абайдан әуен, ғибрат» концертін ұсынды. Жеңімпаздар дипломдармен, қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

 

Аяжан Дәулетбекқызы
Автор

Аяжан Дәулетбекқызы

Аяжан Дәулетбекқызы

Ұқсас жаңалықтар