Жамбылда жыл соңына дейін 470 шақырымнан астам жол орта жөндеуден өтеді
- авторБақытжан Бекболат
- 28 шілде, 2025
- 513
Жамбыл облысында жол инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар биыл да жалғасып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, биыл облыс аумағында құрылыс, қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстарымен 470 шақырымнан астам жол қамтылады.
Жалпы, жол жұмыстарын жүргізуге 28,6 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде 17,7 шақырым көше жолдары жаңадан салынып, 8 шақырымы қайта жаңғыртудан өтеді. Ал қалған 444 шақырым жол орташа жөндеуден өткізілмек.
Қазір облыс бойынша 45 жобаның құрылысы қатар жүргізілуде. Атап айтқанда, Тараз қаласында 17 жоба, Шу ауданында 11, Қордайда 5, Байзақ пен Жуалыда 3 жобадан, Талас ауданында тағы 3, Жамбыл ауданында 2 және Мойынқұмда 1 жоба бар.
Жыл соңына дейін осы жобалар толық іске асса, облыстағы жергілікті маңызы бар автожолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 99,5 пайызға жетпек. Ал көше-жол желісінің сапасы 89 пайызға дейін артады деп жоспарланып отыр.






