Жамбыл жаңалықтар
Жамбылдық бишілер халықаралық байқауда Супер Гран-при иегері атанды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 маусым, 2025
- 269
Бұл жеңіс - өңірлік мәдениет үйірмелерінің халықаралық деңгейдегі жетістікке жете алатынын дәлелдеді.
Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық "Танцуй всей душой" хореографиялық байқауында әлемнің бірнеше елінен келген өнер ұжымдары бақ сынады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Грузия, Өзбекстан, Ресей, Түркия және Қазақстанның (Астана мен Алматы қалаларынан) келген би ұжымдары ұсынған 104 би нөмірі арасынан Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласындағы Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының “HUSTLE DANCE” би үйірмесі үздік атанып, Супер Гран-при жүлдесін жеңіп алды.
Қазақстан атынан қатысқан “HUSTLE DANCE” тобы кәсіби дайындықтары мен сахнадағы шеберліктері арқылы қазылар алқасы мен көрермендердің жоғары бағасына ие болды.