жексенбі, 17 қараша, 2024 10:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық дарынды оқушылар халықаралық, республикалық жарыстарда 3042 жүлдеге ие болды

Жамбылдық дарынды оқушылар халықаралық, республикалық жарыстарда 3042 жүлдеге ие болды
ашық дереккөзі
Жамбылдық дарынды оқушылар халықаралық, республикалық жарыстарда 3042 жүлдеге ие болды
Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Жамбыл облысының оқушылары халықаралық пән олимпиадаларында 55 медаль иеленген. Ал, Республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар жарыстарында облыстық команда 12 жыл қатарынан жүлделі І орыннан көрініп келеді. Бұл туралы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен «Тәуелсіз елдің – дарынды ұландары» атты дарынды жастардың форумында айтылды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған форумға қатысушылар алдымен дарынды оқушылар мен спортшылардың және жас өнертапқыштардың жетістіктерінен әзірленген көрмемен танысты. Бұдан соң «Баласағұн» орталық концерт залында өткен форум барысында жамбылдық оқушылардың табыстары жайлы жан-жақты айтылды. Биылдың өзінде жамбылдық дарынды оқушылар халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 3042 жүлдеге ие болған. Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың республикалық жарысында Жамбыл облысының командасы үшінші жыл қатарынан «Үздік команда» атағын жеңіп алды. Шара барысында патриоттық әндер шырқалып, әсем билерге де кезек берілді. Бүгінде шетелдің белді жоғары оқу орындарында білім алып жүрген жамбылдық түлектердің бейнеролик арқылы жолдаған құттықтаулары шараның маңыздылығын аша түсті. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі білім саласындағы атқарылып жатқан жемісті жұмыстарға тоқталып, мемлекет тарапынан жасалынып жатқан қолдауларды тілге тиек етті. - Сіздер, дарынды жастар, «Мәңгілік ел» азаматы болуға, ҚР тұңғыш Президенті - Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидатында көрсетілген биік мақсаттарға жетуге тиіссіздер. Елімізде оқушылардың сапалы білім алуларына баса назар аударылып, дарынды оқушыларға үлкен қолдау көрсетіліп отыр. Елбасының «Болашақ» бағдарламасымен 10 мыңнан астам жастарымыз әлемдік деңгейдегі алдыңғы қатарлы оқу орындарында оқып келді. Олар еліміздің дамуына өз үлестерін қосып жатыр. Барлық аймақта қазіргі заман талаптарына сай ақпараттық технологиялармен жабдықталған жаңа үлгідегі мектептер салынуда. Еліміздің барлық өңірінде Назарбаев Зияткерлік мектептері бар. Тәуелсіздік алған жылдардан бері облыста 182 білім нысаны салынып, пайдалануға берілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу туралы тапсырма берді. Осыған орай, облыс бойынша 85 мектеп салу жоспарлануда. Халқымызда «Ұстаздан шәкірт озар» деген жақсы сөз бар. Сіздер Тәуелсіз, болашағы жарқын елдің ұланысыздар! Өмір жолдарыңыз ашық, болашақтарыңыз жарқын болсын,-деген аймақ басшысы оқушылардың сапалы әрі қауіпсіз білім алуы да басты назарда екенін жеткізді. Бұдан соң облыс әкімі республикалық, халықаралық пән олимпиадаларының, өнер білім, байқауларының, спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегері атанған 20 оқушыны марапаттады. Сондай-ақ, форумға қатысушы облыстың дарынды жастары өз замандастарына үндеу жолдады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар