жексенбі, 17 қараша, 2024 10:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жуалыда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жаңа Мәдениет үйі пайдалануға берілді

Жуалыда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жаңа Мәдениет үйі пайдалануға берілді
ашық дереккөзі
Жуалыда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жаңа Мәдениет үйі пайдалануға берілді
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылындағы жаңа Мәдениет үйінің ашылу салтанатына қатысты. Аймақ басшысы жиналғандарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.
- Тәуелсіздік жылдары біз асқар асулардан аса білдік. Біздің басты байлығымыз – халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісім. Елді мекендердің қалай түрленіп жатқанына өздеріңіз куә болып отырсыздар. Мемлекет басшысының қолдауымен сіздердің де ауылдарыңызда сумен қамту, газдандыру, жол жөндеу мәселелері шешілген. Рухани-мәдени саланы дамыту да назардан түспейді. Бүгінгі таңда кез-келген мемлекетте мәдениет саласына айрықша басымдық беріледі. Бұл жерде әлемге аты әйгілі дарынды тұлғалар тәрбиеленіп шығарына сенеміз. Жаңа Мәдениет үйінде халықтың рухын көтеруге бағытталған әлеуметтік маңызы бар, мәдени шаралардың жиі өтуі маңызды, – деп облыс әкімі ауылдықтарды қуанышымен құттықтап.
Мәдениет үйі «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген. Мердігер – «Нұрбек» ЖШС. 180 адамға арналған акт залы заманауи технологиямен жабдықталған. Осы ретте айта кету керек, алғашқыда бұл жерде мердігер 90 орындық зал салуды жоспарлаған. Тұрғындардың өтінішінен кейін облыс әкімінің араласуымен, ауыл халқының саны ескеріле отырып, үлкен зал салу туралы шешім қабылданды. Мәдениет үйінде «Фламинго» би үйірмесі, домбыра, көркемсөз үйірмелері жұмыс істейтін болады. Тұрғындар жаңа нысанның сүйікті мәдени тынығу орнына айналарына сенімді.
– Мәдениет үйінің ашылуы нұрлыкенттіктер үшін Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тамаша тарту болды. Енді ауылдықтар шығармашылықпен қолайлы жағдайда айналыса алады, – дейді ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Назар Қалдан.
Салтанатты шара мерекелік концертпен түйінделді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар