жексенбі, 6 қазан, 2024 7:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық оқушының жазған хатына Президент жауап берді

Жамбылдық оқушының жазған хатына Президент жауап берді
ашық дереккөзі
Жамбылдық оқушының жазған хатына Президент жауап берді
Жамбыл облысы Жамбыл ауданына қарасты Жасөркен ауылындағы «Мөлдір» балабақша-мектеп гимназиясының 2-сынып оқушысы Жібек Исабек жуырда ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа жүрекжарды тілегін жазған еді Сабақ үлгерімі жақсы, озат оқушылардың бірі –Жібектің жүрегі де мейірімге толы. Оның хаты Мемлекет басшының қолына тиген. Ел Президенті Жібекке жазған хатында жамбылдық оқушының хатын аса ризашылықпен оқығанын айтқан. «Маған жолдаған ыстық лебізің үшін рахмет. Сенің ертеңгі күні үлкен азамат болып өсіп, еліміздің парасатты перзенті атанатыныңа кәміл сенемін. Біздің бүгін қолға алып жатқан жұмысымыздың барлығы да жарқын болашағымыздың иесі – өздеріңе арналады. Сондықтан сабағыңды үздік оқып, ұстаздарың мен анаңның берген тәлім-тәрбиесін бойыңа сіңіріп, мақсатқа ұмтылудан жалықпа. Отбасыңның қашан да мақтанышы болып, жетістіктерге жете бер, айналайын! Анаң мен бауырыңа менен сәлем», - деген Қасым-Жомарт Кемелұлы Жамбыл ауданының оқушысына ноутбук тарту еткен.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар