Жамбылдық полицейлер жүргізушілерге «шок терапия» өткізіп берді
- авторjambylinfo.kz
- 10 мамыр, 2024
- 495
2024 жылдың басынан бері Жамбыл облысында 449 жол апаты тіркеліп, соның салдарынан 51 адам қаза тапқан. Тағы 694 адам түрлі деңгейде жарақат алған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, статистикалық зерттеу жол апаттарының 97 пайызы жүргізушілердің кінәсінен болатынын көрсеткен.
«Апаттардың негізгі себептері жылдамдықты асыру, көлік жүргізу кезінде ұйықтап кету, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кету. Жамбылдық полицейлер жүргізушілердің назарын осы мәселеге аударып, "Шок терапиясы" акциясын өткізді. Республикалық автожолдарда патрульдік полиция экипаждарының сүйемелдеуімен жол апатынан зақымдалған автокөлігі бар эвакуатор жүріп өтті», - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Осылайша, полиция автокөлік иелерін көлік жүргізу кезінде сергек болуға шақырған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Мамырдың 11-13 күндері ауа райы қандай болады
Ұқсас жаңалықтар
Таразда балабақшалардың бірлескен семинары өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 қараша, 2024