жұма, 20 қыркүйек, 2024 12:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ғалия Тынбаева Qazaqstan Barysy Grand Slam чемпионы атанды

Ғалия Тынбаева Qazaqstan Barysy Grand Slam чемпионы атанды
Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі
Ол финалда Grand Prix чемпионы Сабина Гилиазованы жеңген

Ғалия Тыныбаева Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында топ жарды. Ол финалда Grand Prix чемпионы Сабина Гилиазованы (AIN) иппон ұпаймен ұтып, ел қоржынына алғашқы алтынды салды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл Ғалия Тынбаеваның спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысындағы алғашқы алтыны.

«Ол жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Европа чемпионы, Grand Slam жарыстарының жеңімпазы франциялық Ширин Боуклиді ұтқан болатын. Астана қаласында өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің жеңімпазы ретінде әлемдік рейтингте Ғалия Тынбаеваның қоржынына 1000 ұпай қосылады», - деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam басталды. Әлемдік дода ережесі бойынша 1 орын үшін 1000, 2 орын үшін – 700, ал 3 орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады. Олимпиадаға рейтингтік ұпай үлестретін соңғы Grand Slam 12 мамырға дейін жалғасады.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар