Орман өртін сөндіретіндердің жалақысы келесі жылы 100 пайызға өседі
- авторМағжан Орынбасар
- 10 мамыр, 2024
- 916
Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараев орман шаруашылығындағы өрт сөндірушілердің айлығы келесі жылы тағы 100 пайызға көтерілетінін айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Олжас Баққараевтың сөзінше, облыста өткен жылы өрт сөндірушілердің жалақысы 85 пайызға өскен. Бұл үрдіс биыл да жалғасып, келер жылы аталған сала мамандарының айлығы тағы 100 пайызға көбеймек.
"Жалпы орман шаруашылығы мекемелерінде былтыр жалақы 100 пайызға өсті. Яғни тракторшылар, орман шаруашылығындағы өрт сөндірушілер 70-80 мың теңге жалақы алатын. Қазір кемі 150 мың теңге жалақы алады. Мекеме басшыларының жалақысы 400 мың теңгеден асады. Орташа жалақы көлемі қазір 250 мың теңгені құрап отыр. Бұл шалғай аумақтардағы орманшылар үшін қомақты қаражат деп есептейміз. Өрт сөндірушілердің айлығы өткен жылы 85 пайызға өсті. Биыл да көтеріліп, келесі жылы тағы 100 пайызға өсед",- деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Қордай ауданы мешіт салу бойынша көш бастап тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024