Жамбыл облысында орман шаруашылығының техникалары 81 пайызға жаңартылмақ
- авторМағжан Орынбасар
- 10 мамыр, 2024
- 688
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараевтың сөзінше, биыл орман шаруашылығына жаңадан 3 трактор, 7 автокөлік пен қосымша агрегаттар алынады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Қазір облыста орман өртінің алдын алуды қамтамасыз ететін 97 трактор бар. Олжас Баққараевтың сөзінше, соңғы жылда аталған саланың материалдық-техникалық базасын жаңартуға бөлінетін қаржы артқан. Нәтижесінде 3 жыл ішінде 583 миллион теңгеге 21 трактор, 14 автокөлік және 183 агрегат сатып алынған.
"Қазір басқармаға қарасты материалдық-техникалық база 78 пайызға жаңарды. Биыл 280 миллион теңгеге 3 трактор, 7 автокөлік, сонымен қатар агрегаттар алынады. Оның ішінде соқа және басқа да жабдықтар бар. Бұл үшін қазір мемлекеттік сатып алу рәсімі өтіп жатыр. Осылайша біздегі техникалар 81-82 пайызға жаңарады. Бірақ, ескіру көрсеткіші 25 пайызды құрап отыр. Қазір 2008-2009 жылғы көліктер қолданылып жатыр. Соңғы жылдары ақша көп бөлінген соң, биыл техникаларды 81 пайызға жаңартқалы отырмыз",-деді Олжас Баққараев.
Айта кету керек, Үкімет қабылдаған Орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық жарақ-тандырылуын нығайту бойынша 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында 68 млрд теңгеден астам қаражатқа табиғатты қорғау ұйымдарына қажетті техникаларды алу көзделген.
Ұқсас жаңалықтар
Қордай ауданы мешіт салу бойынша көш бастап тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024