дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Илья Ильиннің 2 жарым айлық қызы спортпен айналысады

Илья Ильиннің 2 жарым айлық қызы спортпен айналысады
Сурет ашық дереккөзден алынды
Бұл туралы спортшы "Хабар" агенттігінің "Оян" бағдарламасында айтты

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің 2 жарым айлық қызы спортпен айналысады, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Илья Ильин әйелі Татьяна және  2,5 айлық қызы Аилимен бірге "Оян" бағдарламасында қонақта болған. Сұхбат барысында спортшы 2,5 айлық қызының да спортпен шұғылданатынын алға тартқан.

"Біз - спортшылардан құралған отбасымыз. Кішкентай қызым да жүзуге барады. Кәсіби мамандардың көмегімен жақсы жетістіктерге жетіп жатырмыз. Жалпы, жүзу  баланың денсаулығына, дамуына өте пайдалы. Бойы сергек, ұйқысы да тыныш болады. Сондықтан, ата-аналардың бәріне балаларыңызды жүзуге апарыңыздар деп кеңес беремін. Қызым қазір ауыр атлетиканың техникасымен де танысып жатыр. Болашақта әдіс-тәсілдерін үйренеді ", - дейді спортшы әзіл-шыны аралас. 

Еске сала кетейік, Илья Ильин Татьяна Гордиенкомен былтыр шаңырақ көтерген болатын. Ерлі-зайыптылардың жас айырмашылығы – 8 жас.  Ал спортшының бірінші әйелі қазақстандық гандболшы Наталья Кулакова, екеуінің Милана есімді қызы бар.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар