дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 14:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Азаматтық авиация академиясының тұңғыш әйел экипажы Тараз аэродромында жаттығу өткізді

Азаматтық авиация академиясының тұңғыш әйел экипажы Тараз аэродромында жаттығу өткізді
Сурет: Азаматтық авиация комитеті
Аделина Луценко мен оның студенті Екатерина Степина Tecnam 2002JF ұшағын мінген

Азаматтық авиация академиясының тарихында алғаш рет тек қыздардан құралған экипаж Тараз аэродромында алғашқы рейсін жасады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Азаматтық авиация комитеті хабарлағандай, тарихи экипаж құрамында нұсқаушы ұшқыш Аделина Луценко мен студент Екатерина Степина болған. Олар Tecnam 2002JF бір қозғалтқышты оқу-жаттығу ұшағын мінген.

«Жалпы, қазір бойымды әдеттегі сезім билеп тұр десем болады. Бұл қалыпты дүние де шығар. Өйткені, оқып жүргенде маған да әйел нұсқаушылар сабақ берген. Соған  қарамастан, академияның алғашқы әйел экипажы болғандықтан, өзімді мақтан тұтамын. Бұл тарихи сәтке тек 2024 жылы қол жеткізіп отырғанымыз өкініші», - дейді Аделина Луценко.

Қазір бұл жас нұсқаушыға  екі студент тіркелген. Айта кетейік, Аделина Луценко бұған дейін Испанияда Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің (EASA) сертификатына ие болған. Ол халықаралық дәрежедегі нұсқаушы ұшқыш болып саналады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар