Жас қолөнершілер байқауының жеңімпаздары марапатталды
- авторИндира Тәліпқызы
- 10 мамыр, 2024
- 466
Сәуір айында Жамбыл облысындағы жоғары және орта арнаулы колледж студенттері арасында мемлекеттік рәміздердің атрибуттарын қолдана отырып дайындалған қолөнер бұйымдарына байқау жарияланған болатын. Бүгін аталған қолөнер бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Мемлекеттік рәміздерді насихаттап, патриотизмді арттыруды мақсат еткен байқауға 8-20 сәуір аралығында барлығы 27 туынды қабылданған. Студенттердің қолдан жасаған бұйымдарына құрамында қолөнер шебері, өнертану саласының өкілдері енген комиссия баға берді.
Нәтижесінде үздік деп танылған 5 қатысушының жұмысы анықталды. Айта кетерлігі, шешім қабылдау кезінде қолөнер туындыларының мазмұны мен эстетикалық сипатына ерекше мән берілген.
Осылайша комиссия шешімімен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің, №16 Жуалы колледжінің, №9 Меркі колледжінің студенттері, Жаңатас көпсалалы колледжі студенттерінің туындылары үздік деп танылды.
Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қолөнер бәйгесінен үздік атанғандарды марапаттап, алғыс хат және бағалы сыйлықтар тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024