Жамбылдық шаруалар енді Катар мемлекетіне ет және ет өнімдерін экспорттайды
- авторМағжан Орынбасар
- 29 қазан, 2024
- 294
Жамбылдық шаруалар енді Катар мемлекетіне ет және ет өнімдерін экспорттайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сапар экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту және халықаралық байланыстарды нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Жұмыс бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Катардағы Елшілігінде «Меркен ет комбинаты» ЖШС мен «Al Dayat For Trading» компаниясы арасында 200 тонна ет пен ет өнімдерін экспорттау туралы келісімге қол қойылды.
«Біз өңіріміздің жоғары сапалы өнімдері Катар нарығында үлкен сұранысқа ие болады деп сенімдіміз», - деді Жамбыл облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек.
Сонымен қатар, жамбылдық ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің «Сарыбас» ЖШС, «Сауле» кондитер фабрикасы, «Тараз халва» ЖШС, «KazirAgro» ЖШС, «БСК» ЖШС және «Акмол» ЖШС өнімдеріне компаниялар тарапынан үлкен қызығушылық танытылды.
Таразда есірткіге қарсы көше билері фестивалі өтті
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024