дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық шарулар отандық өнертапқыштардың өнімдерін жоғары бағалап отыр

Жамбылдық шарулар отандық өнертапқыштардың өнімдерін жоғары бағалап отыр
Сурет: jambylinfo.kz
Ғалымдардың өнімі мал шаруашылығы саласында өз тиімділігін көрсеткен

Таразда «Қуатты өңірлік ғылым - қуатты өңір» тақырыбында өтіп жатқан көшпелі ғылыми отырысқа қатысқан жамбылдық шарулар отандық ғалымдардың еңбегіне жоғары баға берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Т.Рысқұлов  ауданынан келген шаруа Сәбит Бакиров пен Жуалы ауданынан келген Тұрсынкүл Жанқұлова отандық ғалымдар өндіріп отырған полилактоз және бентобак өнімдері малды бордақылау және оларды түрлі инфекциялық аурулардан сақтауда пайдасы зор екенін алға тартты.

"Міне 3 жылдан бері осы аталған отандық өнімдерді қолданып, игілігін көріп жатырмыз. Өзіміз бұқа бордақылаумен айналысамыз. Бұл препараттардың пайдасы зор. Тұрақты түрде аламыз, бағасы да қолжетімді, "- дейді Жуалыдан келген шаруаТұрсынкүл Жанқұлова.

Ал Т. Рысқұлов ауданынан келген Сәбит Бакиров аталған препараттарды қолданғаннан бері мал аурулары күрт азайғанын айтты. Айта кетейік, бұл өнімдер Амангелді Құрбанұлы атындағы микробиологиялық ғылыми-зерттеу орталығында өндіріледі.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар