дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 21:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Байзақ ауданында аумақтық қорғаныс ротасының жиыны өтті

Байзақ ауданында аумақтық қорғаныс ротасының жиыны өтті
Сурет: jambylinfo.kz
Шара облыс әкімінің «Байзақ-2024» тексеру жиынын өткізу туралы Қаулысына сай өткен

«Айша-бибі» оқу-жаттығу полигонында Байзақ ауданының аумақтық қорғаныс ротасының бөлімшелеріне тіркелген әскери міндеттілермен тексеру жиыны ашылды. Жиынның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек пен аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов арнайы қатысты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Аумақтық қорғаныс – Қазақстан Республикасының халқын, стратегиялық объектілері мен коммуникацияларын теріс пиғылды сыртқы күштердің әрекеттерінен, диверсиялық немесе терроризм актілерінен қорғау, сондай-ақ төтенше немесе әскери жағдай режимдерін енгізу және қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асыратын іс-шаралар жиынтығы.

«Бұл жаттығуға әскери міндетті азаматтар қатысып, әскери кезеңді еске алады. Кәсіби әскери нұсқаушылардың жетекшілігімен олар теориялық және практикалық тұрғыда оқытудан қайта өтеді. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі қызметте жүрген әскери міндеттілер жиыны он күнге жалғаспақ. Негізгі мақсат – аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің әскери бірігуі бойынша іс-шаралар өткізу және ұйымдастыру бойынша лауазымды тұлғалардың білімі мен практикалық қабілетін жетілдіру», - деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Әскери жиын кезінде әскери бөлімге дейін және кері қайту жолындағы жүру уақытымен қоса, әскери міндеттілердің жұмыс орны мен атқаратын лауазымы сақталатынын, республикалық бюджет есебінен орташа жалақы төленетінін айта кету керек.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар