Жамбыл жаңалықтар
Жамбылдық әскерилер адам қағып кеткен жүргізушіні құрықтады
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 12:25
- 80
Сонымен қатар, жапа шеккен азаматқа алғашқы көмек көрсеткен
Жамбылдық әскерилер адам қағып кеткен жүргізушіні құрықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оқиға 8-ші шағынауданда, Сейфуллин көшесінде болған. Жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан адамды жол белгісін пысқырмаған жүргізуші қағып, артынша із суытпақ болған. Алайда кезекші әскери жасақ жауынгерлері жапа шеккен азаматқа көмек көрсетіп, кінәлі жүргізушіні ұстап, полицейлерге тапсырған.
- 2024 жылғы 30 қазан күні сағат 20:10-да әскери жасақ бастығы катардағы жауынгер Жақсылық Саян Мықтыбекұлы және патрулшілері ефрейтор Бекен Нұрлыбек Мейржанұлы мен қатардағы жауынгер Еламан Аман Нұрлыбекұлы 8 шағын ауданда қызмет атқару барысында Сейфуллина көшесі бойында жаяу жүргінші жолағынан өтіп келе жатқан Данчаев Уралбай деген азаматты, Мерседес нөмірі КZ 933 AIG 08 автокөлігін тізгіндеген Каржаубаев Сабит есімді азамат қағып кетіп, оқиға орнын тастап кетпекші болды. Әскери жасақ батыл әрекет жасап, кінәлі азаматты ұстап, жәбірленушіге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Бұл оқиғаны әскери жасақ кезекшісіне баяндап, кінәлі азаматты полиция қызметкерлеріне тапсырды,- делінген хабарламада.