бейсенбі, 4 шілде, 2024 14:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық ұстаздар – жеңіс тұғырында

Жамбылдық ұстаздар – жеңіс тұғырында
ашық дереккөзі
Жамбылдық ұстаздар – жеңіс тұғырында
Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған республикалық «Үздік педагог-2020» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шара барлық өңірлерде бір мезгілде бейнеконференция байланысы арқылы көпшілік назарына ұсынылды.
Еліміздің үздік атанған ұстаздарына 2 млн 778 мың теңгеден қаржылай сыйақы табыс етілді. Мәртебелі атаққа облысымыздың 4 бірдей педагогы ие болды.
Олардың қатарында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей-интернатының тарих пәнінің мұғалімі Жанар Жанғазиева, облыстық дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатының физика пәнінің мұғалімі Жандос Досыбаев, Меркі ауданындағы №17 И.Трубицын атындағы мектеп-гимназияның орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нағима Қаймалақова, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы Қанатбек Мұраталиев бар.
Жеңімпаздарға «2020 жылдың үздік педагогі» төсбелгісі мен қаржылай сыйақының сертификаттары берілді. Біз де өз кезегімізде жеңімпаздарды құттықтаймыз.
 
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар