сейсенбі, 20 мамыр, 2025 17:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық жігіт өз үйінен анасының әшекейлерін ұрлап кеткен

Жамбылдық жігіт өз үйінен анасының әшекейлерін ұрлап кеткен
Жамбыл облыстық полиция департаменті
Өйткені, әкесі сұраған қаржысын бермепті

Т.Рысқұлов ауданында полицейлер құны 1,8 млн теңгеден асатын алтын әшекейлерді ұрлаған 40 жастағы ер адамды анықтады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Тергеу барысында оның жәбірленушінің өз ұлы екені белгілі болған.

- Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен (ірі мөлшерде жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге қаражат қажет болып, әкесінен көмек сұраған. Алайда сұранысы орындалмаған соң, әкесі мен отбасы мүшелері тойға кеткен сәтті пайдаланып, үйге терезе арқылы кіріп, әйелдерге және ерлерге арналған алтын бұйымдарды ұрлаған, - делінген ПД хабарламасында.

Күдікті қылмысын мойындаған. Тергеу жалғасуда. 

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар